Теңгенің жаңа түрі шықты
Жаңа 5 мың теңгелік шығыпты. Сонда ақша атаулы тегіс жаңартыла ма?
Қанат ШӘКІРҰЛЫ
Ұлттық банктің төрағасы Г.Марченко хабарлағандай, бұл «Самұрық» деген атаумен купюралардың жаңа сериясын енгізумен байланысты. «Байқасаңыздар, біз алдымен 10 мыңдық ақшаны шығардық, яғни 2006 жылы бізде банкноттардың толық жинағы болды. Бұл серия «Бәйтерек» деп аталды. «Бәйтерек» ескерткіші қазір барлық ақшада бар. Енді біз «Самұрық» сериясымен алдымен – 10 мыңдық купюраны, сосын 5 мыңдықтарды шығара бастадық», – деді бас банкир.
Қолданыстағы ақша бірден ауыстырылмайды, ол кезеңмен жүргізіледі. Өйткені ол банкнот фабрикасына да, айналымға да ауыртпалық түсіреді. Жаңа банкноттарға кейбір қорғаныс элементтері қосылды, кейбіреуі алып тасталады. Бұл жалған ақша жасаушылардың жолын кесу үшін жасалды.