Телефонның ТЫҢДАЛАТЫНЫН қалай білуге болады?
Телефонға тәуелді болғанымыз сонша, көптеген жеке ақпараттарымызды да сонда сақтаймыз ғой... - деп жазды ERNUR.KZ сайты.
Қазір біз гаджеттерге, әсіресе телефонға тәуелді болып бара жатырмыз. Әрине, бұл алысты жақындататын, хат-хабарды әп сәтте жеткізетін пайдалы құрылғы. Бірақ, сол телефон арқылы қандай да бір мүдде үшін біздің құпияларымыз тыңдалуы мүмкін. Иа, «қарапайым халықта қандай құпия болады» дегенмен, біреудің әңгімеңізді тыңдауы жағымсыз болады ғой. Осыған орай көптеген сарапшылар әңгіменің тыңдалып жатқанынан белгі беретін бірнеше фокторды айтып өткен. Олар 100 пайыз шындық болмаса да, ең ықтимал белгілер болып саналады.
Смартфонның қызып кетуі
Смартфондағы кейбір бағдарламалар іске қосылған кезде олар аппараттық ресурстарды тұтынатындықтан қызады. Мысалы, телефонмен ұзақ сөйлессеңіз, ойын ойнасаңыз немесе басқа да қолданбаларды қолдансаңыз, мұны байқайсыз. Бұл телефонның қалыпты реакциясы. Сондай-ақ, шпиондық вирус өзі көрінбесе де, осыған ұқсас принцип бойынша жұмыс істейді екен. Мәселен, телефонды пайдаланбасаңыз да қызып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда құрылғыны тексертіп, вирустан тазарту қажет. Тағы бір белгісі – телефонмен сөйлесіп жатқанда шектен тыс қызып кетуі. Яғни, бұл жағдайда батарея ресурсын ұялы байланыс қана емес, үшінші тараптың қосымшалары да пайдаланып жатыр еген сөз.
Біртүрлі хабарламалар
Кейде телефонға белгісіз нөмірлерден мағынасыз хабарламалар келеді. Мұндай хабарламаны өшіріп тастауға болады, бірақ ол смартфонға бір келгеннің өзінде зиянды функциясын орындап үлгереді. Сондықтан, осындай хабарамалар келетін болса, телефонда вирустың бар-жоғын тексертіңіз.
Белсенділік
Кез келген адам телефонын тексеріп, қажетсіз бағдарламаларды тазартып отырады. Егер, осындай жағдайдың өзінде телефон тым белсенді болып кететін болса (мысалы, экран себепсізден себепсіз жарқырап тұрса), бұл кезде арнайы мамандарға жүгіну қажет.
Ұрланған трафик
Кейбір ұялы байланыс операторлары абоненттерге шексіз интернет ұсынады. Алайда, мұндай жағдайда зиянды қосылымдарды бақылау қиын болады. Сонымен қатар, операторлардың өздері басқа мүдделердің мақсаты үшін көптеген қосымшаларды ұсынады. Одан бөлек, интернет шексіз болғанымен, белсенділігі төмендейді. Демек, мұндай жағдайда да басқа біреу трафикті ұрлап, смартфоныңызбен деректер алмасуы мүмкін.
Телефонның реакциясы баяулайды
Телефондағы барлық бағдарламалар гаджеттің аппараттық ресурстарын белсенді пайдаланады. Ал, смартфонға зиянды бағдарламалар қосылған кезде ол бағдарламаларыңыз қуатты бұрынғыдан да көп тұтынып, қосылуға қосымша уақыт қажет болады. Мәселен, сізге біреу қоңырау шалғанда жасыл түйме басқан уақыттан кеш іске қосылуы мүмкін. Немесе әңгіме аяқталғаннан кейін қызыл түймені басқанда да осындай жағдай орын алады. Бұл сізге күмәнді көрінбей ме? Шындығында, мұндай белгі әңгіменің тыңдалып жатқанына нақты дәлел болмаса да, үшінші тараптың заңсыз әрекетінен хабар беруі ықтимал.
Бөтен дыбыстар
Бұл белгі ескі телефондарда да, заманауи гаджеттерде де бар. Яғни, екі адам да байланыс жақсы ұстайтын жерде тұрып сөйлесіп жатқанның өзінде бөтен дыбыстар мен шу естіліп, әңгімеге кедергі келтіріп жатады. Қоңыраудың фонына айналатын дыбыстардың болуы байланыста үшінші тараптың бар екенін білдіруі мүмкін.
Қоңырауларды жазу
Көптеген заманауи смартфондарға телефон қоңырауларын жазуға мүмкіндік беретін қосымша орнатуға болады. Бірақ, мұндай қосымшалардың кейбірі арқылы жасап шығарушылар сіздің телефоныңыздың ішіне кіріп, қоңырау жазбаларын тыңдап, тіпті жеке ақпараттарды адақтап кетуі мүмкін. Бұл смартфондағы белгілі бір файлдарға кіруді сұрайтын барлық қосымшаларға қатысты.
Дайындаған: Б.Мейірханұлы,