Жуырда менің анама біреу хабарласып, «балаңыз полицияға түсті» деп хабарлаған. Үйге келсем, анам қатты уайымдап отыр екен. Мен оған ештеңе болмағанын айтып түсіндірдім. Сөйтсек, біреу телефоннан жалған ақпарат берген болып шықты. Сондай адамдарды анықтау үшін не істеу керек, олар қалай жазаланбақ?
Алмас Жаманқұлов, Астана қаласы
ҚР Ішкі істер министрлігі мамандарының айтуынша, соңғы кездері әлдекімдерге полиция қызметкері болып хабарласып, баласының не туысқанының қылмыспен ұсталғанын айтып, ақша талап ететін немесе жай ғана қорқытып қоятын телефон алаяқтары көбейген. Мұндай жағдайда мән-жайды білу үшін 102 телефонына хабарласып, әлгі ақпараттың дұрыс-бұрыстығына көз жеткізіп алу қажет. Егер 102-ге хабарласу немесе одан толық ақпарат алу мүмкін болмаса, жақын маңдағы учаскелік полиция пунктіне хабарласу керек. Телефонмен ақпарат таратқан адамның алаяқтығына көз жеткізгеннен кейін полицияға шағымданған жөн. Күдіктіге қатысты жедел-іздестіру шарасы жүргізіледі. Ұсталған азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабы (алаяқтық) бойынша жауапкершілікке тартылады.
Телефон алаяқтарына қандай жаза қолданылады?
Последние статьи автора