Қазір әлемнің көптеген елдерінде 3D технологиялары қарқынды дамып келеді.
Қанат БАЙМҰХАМБЕТОВ, Алматы қаласы
Рас, әлемнің барлық елдерінде 3D технологиясы жедел дамып жатыр. Қазір ақпараттық технология саласында заманауи 3D принтер, сканер, мониторлар да шығарыла бастады. Ал кино өндірісінде қолданылатын 3D форматының өзінің үш түрлі әдістемесі бар. Imax, Reald және Dolby деп аталатын бұл технологиялардың қолданылуы да әр алуан. Кино саласы мамандарының айтуынша, осылардың ішінде біздің елде әзірге тек соңғысы ғана қолданылып жүр. Алғашқы екеуіне қарағанда, арзан тұратын интерференцияланған сүзгі технологиясының айырмашылығы – 3D форматындағы кинофильмдер көрсету үшін қарапайым экран да жеткілікті. Яғни кинотеатрларды сандық 3D форматына көшіріп, шығындалудың қажеті жоқ. Кез келген бейнесурет көрермендерге ұсынылатын арнайы көзілдіріктердің көмегімен үлкейтіледі. Мамандардың сөзіне сенсек, Dolby 3D проекторының тек біреуінің (экран мен қосымша құрал-жабдықсыз) құны 200 мың евро тұратын көрінеді. Бұл технология сандық телеарналардың дамуына оң әсерін тигізбек.