Біздің фирма кабельді телевизиямен айналысады. Жақында кабель жүйесіне орта жолдан заңсыз қосылатындардың көп екенін анықтадық. Оларды тәртіпке шақыру үшін кімге, қайда баруымыз қажет?
Тельман ДУНАЕВ, Павлодар
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқықты бұзушылық туралы» Кодексінің 492-бабына сәйкес, электр байланысы жүйесіне құралдарды заңсыз қосқаны үшін төмендегідей жаза қолданылады: 1. Ескерту беріледі немесе жеке тұлға – 5, лауазым иесі, жеке кәсіпкер, заңды тұлға, шағын және орта бизнес субъектілері, коммерциялық емес мекемелер – 40, ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. 2. Жыл ішінде әкімшілік жазадан кейін екінші рет әлгі әрекетін қайталаса, айыппұл көлемі жоғарылайды, яғни жеке тұлға – 10, лауазым иесі, жеке кәсіпкер, заңды тұлға, шағын және орта бизнес субъектілері, коммерциялық емес мекемелер – 60, ірі кәсіпкерлік субъекті болып табылатын заңды тұлға 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Оған қоса, қосылғыш құралдары тәркіленуі мүмкін. Сондықтан Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің аймақтық басқармасына өтініш жазуыңыз қажет.
Айлық есептік көрсеткіш – 1273 теңге.
Тегін ірімшік тек қақпанда болады
Последние статьи автора