«Алматыда кезекті театрлар фестивалі басталды» деп еді. Бағдарламада қамтылған шаралардың ретін білсем деп едім.
Айнұр, Алматы облысы, Талғар қаласы
Кеше Алматыда Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған ХІХ республикалық театрлар фестивалі басталды. Фестиваль қойылымдарының көпшілігі Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында көрсетіледі.
Бүгін Астана қаласының Жастар театры – «Меккеге қарай ұзақ жол», Қ.Қожамияров атындағы Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры – «Гүлдәстә», М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры «Көктөбедегі кездесу» спектакльдерін жұртшылық назарына ұсынады.
Ертең көрермендер Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының «Перзентхана», Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрының «Перизаттың баққа жолы», Ф.Достоевский атындағы Шығыс Қазақстан облыстық орыс драма театрының «Отырардың күйреуі» қойылымдарын тамашалай алады.
Сонымен қатар режиссер, Санкт-Петербург мемлекеттік театр өнері академиясының аға оқытушысы, актер шеберлігі жөніндегі халықаралық деңгейдегі маман, XIХ республикалық театрлар фестивалі қазылар алқасының мүшесі Е.Кузина актерлер мен режиссерлерге арналған шеберлік сабағын өткізеді.
30 қыркүйек күні фестивальдің салтанатты жабылуы, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізіледі. Арнайы мамандардан құралған қазылар алқасы «Ең үздік спектакль», «Ең үздік режиссерлік шешім», «Ең үздік драматургиялық шығарма», «Қазақ драматургиясын табысты меңгергені үшін», «Ең үздік әйел адам бейнесі», «Ең үздік ер адам бейнесі», «Ең үздік екінші пландағы әйел бейнесі», «Ең үздік екінші пландағы ер адам бейнесі», «Көрермендер көзайымы», «Үміт» аталымдары бойынша жеңімпаздарды анықтайды.
Театрлар фестивалі қалай өтеді?
Последние статьи автора