Қазіргі жастардың көбі театрда мәдениет сақтамайды. Сіздерден өтініш, театр мәдениетін білмейтіндерге театрдағы негізгі ережелерді жазсаңыздар.
Бақытбек ОРАЛҰЛЫ, Өскемен қаласы
• Театрға айрықша сәнді киіммен келу дәстүрі қалыптасқан. Спорттық үлгідегі киімдермен кіруге болмайды.
• Театр қойылымдарына жеті жасқа дейінгі балаларға кіруге рұқсат етілмейді.
• Көрермендер залына арнайы қоңыраудан кейін ғана кіру керек.
• Үшінші қоңыраудан кейін залдың есіктері жабылып, қойылым басталады.
• Үшінші қоңыраудан кейін партерге көрермендер залы арқылы өтуге болмайды.
• Егер Сіз кешігіп келсеңіз, залға екінші қабат арқылы өтуіңіз керек.
• Егер Сіздің орныңыз бос болмаса, жақын маңайдағы бос орынға отырыңыз немесе билет тексерушіден көмек сұраңыз.
• Көрермендер залына сыртқы киіммен кіруге және баскиіммен отыруға рұқсат етілмейді.
• Қатарлардың арасынан өткенде, бетіңізбен отырғандарға бұрылып өткен жөн.
• Залға тағам, сусындар алып кіруге болмайды.
• Мобильдік телефондар өшіріліп тасталуы керек.
• Фото және видео көріністерді түсіруге рұқсат етілмейді.
• Темекіні тек арнайы белгіленген орындарда ғана шегуге болады.
• Қойылым кезінде қатты дауыстап сөйлеуге болмайды.
• Әртістерге гүл шоқтары тек спектакль толық аяқталғаннан кейін ғана ұсынылады.
• Залдан тек антракт кезінде және спектакль аяқталған соң шығуға рұқсат.
• Қойылымға кешікпей келу керек.