Театрда дресс-код бар ма?

Театр қойылымдарына джинсы киіп барып жүрсем, жуырда біреулердің мен жайлы «театрға джинсымен келе ме екен» деп сыбырласып жатқанын естідім. Драма театрларында дресс-код бар ма?
Айнұр,
Алматы қаласы
Драма театрларының этикеті бойын­ша сахналық қойылым көруге келген адамның сәнді қонақ киімін кигені дұрыс. Қойылымды көруге джинсымен, спорттық киіммен, сыртқы және бас киіммен келуге болмайды. Бірақ қазіргі театрларда бұл дресс-код сақтала бермейді. Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында ғана көрермен­дер­дің сырт киіміне қатысты қалыптас­қан тәртіп бар. Киімге қатысты талаппен бірге, театрда ішкі ережелерді де сақ­таған дұрыс. Айталық, спектакльге бес жасқа толмаған сәбилерді ертіп келме­ген жөн. Баланың аты – бала, оның мазасы кетіп, зал тыныштығын кетіруі мүм­кін. Көрермендер залына үшінші қоңырау соғылғанша кіріп үлгерген дұрыс. Залда отырған адамдардың ал­дынан теріс қарап өту, қойылым кезін­де тамақ жеп, сусын ішіп отыру – әдепсіздік. Театрда ұялы телефонды өшіріп қойған жөн, қойылымды фото және бейне­камераға түсіруге тыйым салынады. Сах­налық қойылым толық аяқталып, әр­тістер көрермен алдына түгел шық­пайынша, залдан шығып кетпеу керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста