Театр маусымы қашан басталады?

Батыс Қазақстан облыстық драма театрының жаңа маусымында қандай қойылымдар бар?
Айбар,
студент
Ғ.Құрманғалиев атындағы БҚО филармониясының кезекті 47-нші маусымы кеше ғана басталды.
Елу жылға жуық тарихы бар бұл фи­лармония репертуарында әдет­тегідей халық ән-күйлерімен қатар, классикалық шығармаларға, қазақ және шетел композиторларының туын­дыларына кең орын берілмек. Маусымашар салтанатына арнал­ған концерттік бағдарламада «Ора­лым – асыл қалам», «Ағады Жайық», «Орал кеші» «Гүл-Орал», «Жайық өрнектері», «Орал вальсі» сынды атаулары айтып тұрға­нын­дай, Ақ Жайыққа, Оралға арналған ән-билер орындалды. Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ермек Қазиев бастаған домбырашылар «Күй-тартыстан» сынға түссе, «Назерке» би ансамблі мың құбыла биледі. Марат Сар­бө­пеев­тей танымал әншілер ән әуе­лет­ті. Концерт жиналған көпшілікті бейжай қалдырған жоқ. 1966 жылы құрылған облыстық филар­мо­ния құрамында Дәулеткерей атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрі, «Орал сазы» фольклорлық ансамблі, «Назерке» халық би ансамблі, «Классика» камералық ансамблі, «Орда» аспапты триосы, вокальды-аспапты ансамбль сын­ды алты бірдей үлкенді-кішілі шығармашылық ұжым, Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген әртістері Қанат­қали Қожақов, Жұмағаным Рахимова, Сәуле Таудаева сынды жекелеген орындаушылары бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста