Таза маржанды қалай тануға болады?
Маржан моншақ ешқашан сәннен қалмайды. Бірақ сатып алайын десем, жасандыға алданып қалмаймын ба деп қорқам. Қалай етсем екен?
Аяла, Алматы қаласы
Бұл екеуін сырт көзге ажырату қиын. Бірақ оның мынандай тәсілдері бар:
1. Нағыз маржан жасандыдан ауырлау келеді, қолға ұстағанда салмағы білінуі керек;
2. Таза маржан едәуір биіктіктен тас еденге тастағанда пинг-понг шаригі сынды секіреді, бірақ сынбайды;
3. Таза маржан ешқашан теп-тегіс болмайды, оны тексеру үшін тастарды бір-біріне үйкеу керек немесе тістеп көруге де болады тегіс – таза емес, кедір-бұдыры – таза;
4. Және сатылып жатқан маржанның бағасына да назар аударыңыз, таза маржан ешқашан арзан сатылмайды. Егер сатушы «жеңілдікпен» сатып жатқанын айтса, сенбеңіз.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу