Аумақтық тұтастық пен дербестік үшін мәңгілік қырқыс жолына түскен Палестина мен Косоводан басқа тағы қандай автономды елдер бар?
Үсен Сапаров, Оңтүстік Қазақстан облысы
Тарихта көптеген мемлекеттің дербестікке күреспен, қантөгіспен қол жеткізгені белгілі. 1775-1783 жылдар аралығында АҚШ тәуелсіздігі үшін болған соғыс – тәуелсіздік үшін күрестің бірден-бір мысалы ретінде аталады. Қарабақ қақтығысы, гүржі-абхаз және Оңтүстік Осетия қақтығыстарын атап өтуге болады. Мемлекеттің рұқсатынсыз аумағын өзгертпеу, оның аумақтық тұтастығы мен халықтың өзін-өзі билеу құқығына ие болуы үшін бейбіт келісімге келе алмай, ұлттық шиеленістерге барған елдер қатарында босниялық сербтер, Суданның батысындағы Дарфур, Солтүстік Ирландия, Трансильвания, Вундед-Ни, Тибет, Таулы Қарабақ, Шешенстан, Күрдстан, Боливия, Галисия, Батыс Сахара, Фландрия және тағы басқалар бар.
Тәуелсіздік үшін күресіп жатқан қай елдер?
Последние статьи автора