Шығыс елдерінің кейбірінде тамақты таяқшамен жейтіні белгілі. Таяқшамен тамақ жеудің қандай да бір артықшылықтары бар ма?
Гүлзат, Алматы облысы
Сонау көне замандардан бері Қытай, Жапония, Корея халқы тамақты арнайы таяқшалармен жеуге дағдыланған. Олар үшін асхананың ең қажетті құралын ағаштың кез келген түрінен жасай салу өте ыңғайлы болған екен. Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, тамақты таяқшамен жеу денсаулыққа пайдалы көрінеді. Мысалы, таяқшамен тек ауызға сиярлық, шайнауға ыңғайлы мөлшерде ғана тамақ жейсіз. Дененің түрлі нүктелерін кәсіби түрде уқалап емдейтін қытайлықтар тамақты таяқшамен жегенде адамның қолындағы өте маңызды қырық нүкте қимылдау арқылы ағзаға пайдасын тигізетінін алға тартады. Аталған елдерде таяқшаның маңыздылығы соншалық – оны жаңа отау құрған жастарға жұптары жазылмасын деген тілекпен сыйлайды екен. Сондай-ақ жас нәрестенің туылғанына жүз күн толғанда да таяқша сыйлау дәстүрге айналған. Таяқшалар бүгінде ағаштан, сүйектен, тіпті металдан да жасалады.
Таяқшамен тамақ жеудің пайдасы неде?
Последние статьи автора