Мен жеке кәсіпкерлікті бастадым. Нан пісіріп, дүкендерге таратпақпын. Нанды өз жеке көлігіммен тасуыма бола ма?
Тахир РАСУЛОВ, Алматы облысы
М.БІРЖАНОВ, Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша МСЭҚБ бастығы:
–Тағам өнiмдерiн тасымалдауға арнайы автокөлiк қолданылуы тиіс. Тағам өнiмдерiмен бiрге тағамдық өнiмдерге жатпайтын тауарларды тасымалдауға тыйым салынады. Тағам өнiмдерiнiң арнайы түрiн (сүт, шұжық, кремдi кондитер өнiмдерiн, нан, ет, балық, жартылай дайындалған тағамдық өнiмдердi) тасымалдауға арнайы көлiк бөлiнiп, ол тасымалдайтын өнiмдi көрсететiн белгiмен таңбаланады.
Тамақ тасуға рұқсат берілген көлiктің санитарлық төлқұжаты болуы, көлiктiң iшi жуып-тазалауды оңайлататын және зарарсыздандыру жұмыстарын жүргiзуге қолайлы материалдармен қапталуы керек.
Сонымен қатар жүргiзушi-экспедитордың медициналық тексеруден өткенiн растайтын жеке медициналық кiтапшасы болуы шарт. Ол арнайы жұмыс киiмiн киiп, тағамдық өнiмдердi тасымалдау ережесi мен жеке басының тазалығын сақтауы тиiс. Тасымалдау жұмысын атқару кезiнде (температура, ылғалдылық деңгейi) өнiмдi тасымалдауға қойылатын қолданыстағы нормативтiк-құқықтық актiлердiң талаптары сақталуы керек.
Нанды бiрiнiң үстiне бiрiн қойып тасуға болмайды. Нан және басқа да нан өнiмдерi астаушаларда, қолданыстағы нормативтiк-құқықтық актiлер талаптарына сай тасылуы шарт. Кондитерлiк тағамдарды ашық ыдыстарда, астаушаларда тасуға болмайды.
Тағам өнiмдерiн (олардың қаптамасына қарамай) тасымалдауға арналған арнайы көлiктi басқа мақсатта пайдалануға болмайды.
Тағам өнімдерін тасымалдаудың тәртібі қандай?
Последние статьи автора