Табыл қайда туған?

Каспий мен Атырауды жиі жырға қосқан, бүгінгінің жырауы атанған Табыл Досымов нақты қай жерде туған?
Самат БЕКБОЛАТҰЛЫ,
Алматы облысы
Өмірден ерте кеткен талантты тұлға Табылды Досымов Атырау өлкесіндегі Индер ауданында Ин­дербор ауылында  туған. 1933 жылы құрылған бұл аудан орталығы Аты­рау қаласынан 200 шақырымдай жер­де орналасқан.
Ин­дер ауданы Атырау облысы­ның теріскейін­де, Каспий маңы ойпа­ты­ның орта тұсында, Жайық өзе­нінің екі жағалауын бойлай орналасқан. Шығы­сы мен түстігінде облыс­тың Қызылқоға, Махамбет аудандары­мен, батысы мен теріс­тігінде Батыс Қазақстан облысының Жаңа қала, Ақжайық аудан­дарымен шектеседі. Жер бедері негізі­нен жусанды жазық далалық болып келеді. Сондай-ақ тұйықталған қуыстар, құлама сай­лар, сорлар кездеседі. Сайлар­дың терең еместері де, бірнеше шақырым­дық алқапты алып жатқандары да бар. Бұл өлкеде жаз айларында кеуіп, соры шығып жататын бірнеше тұзды көлдер бар. Мұнда Индер күмбезі деп аталатын дөңесті жер бар. Оның батыс жағы етегін­де Жайық өзенінің аңғары, ал оңтүстігінде Индер тұз­ды көлі бар. Онша биік емес дөңес­тер түстік батысында Оңдасын жалы­мен, терістігінде Тотжалмен, шығы­сында Көктаумен ұштасады. Бұл аумақта қазанға ұқсас жүздеген шұңқыр бар. Терең құдық­тар, үлкен­ді-кішілі үңгір­лер, жыралар кез­деседі. Бард ақын өз шығарма­ларын­да туған өлкесін барынша жыр­ға қосып, оның қадір-қасиетін әспет­теп отырған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста