Шығармашылығына балалық шағының әсері бар ма?

Мен Бақытжан Момышұлының өмірбаянымен қысқаша танысқым келеді. Батырдың ұлының жазушы болуына балалық шағы әсер еткен бе?
Ертай МАРАТ,
Қызылорда облысы
Жазушы Бақытжан Момышұлы 1941 жылы 3 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. Некрасов атындағы №10 орыс орта мектебін, шет тілдер педагогикалық институтын бітірген. Әр жылдарда Жамбыл облысының Жуалы аудандық газетінде тілші, Жамбыл облыстық газетінде аудармашы, «Ленинская смена» газетінде редактор болып еңбек еткен.
Бақытжан Момышұлы әкесі Бауыржан Момышұлы соғысқа кеткеннен кейін, екі айдан соң дүниеге келген. Әкесі соғыстан қайтқанға дейін анасымен бірге нағашыларының қолында болған. Бала кезінде жазушыны әкесі туған жердің қасиетін бойына сіңіріп өссін деп жиі-жиі Жуалыға жіберіп отырған. Бақытжан Момышұлы өзінің орыс мектебінде оқығаны туралы: «Сол тұста Алматыда жалғыз қазақ орта мектебі болды. Ол мектепке тек қойшы, малшының балаларын ғана алатын. Амалсыздан орыс мектебіне бардым», – дейді.
Ал шығармашылыққа келуін анасының қызметімен байланыстырады. Бақытжан Момышұлының анасы «Лениншіл жас» газетінде қызмет атқарған. Бала Бақытжан анасына еріп жүріп, сол шығармашылық ортада тәрбиеленген. Және әкесі Бауыржан Момышұлы да жанына отырғызып қойып, өмірдегі көрген-білгендерін әңгімелеп беретін. Осының барлығы Бақытжан Момышұлының қаламгер болып қалыптасуына жол ашқан.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста