Қоғамда жиі талқыланатын сыбайлас жемқорлықтың ғылыми тұрғыда қандай түрлері бар?
Мәди Алсапанов, Алматы облысы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңда мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.
Әсіресе сыбайлас жемқорлық мемлекеттік билік органдарында қауіпті. Тәжірибе көрсетіп жатқандай, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың барлық жүйесін бұзады, мемлекеттік биліктің беделі мен мемлекеттік қызмет дәрежесінің төмендеуіне алып келеді. Сыбайлас жемқорлық экономиканың дамуына кедергі жасап, әсіресе экономикалық саладағы ұйымдасқан қылмыстың өсуіне алып келеді. Сыбайлас жемқорлық түрлері: тұрмыстық сыбайлас жемқорлық қатардағы азаматтар мен шенеуніктердің өзара әрекеттесуі арқылы туындайды. Оған азаматтардан лауазымды тұлғалар мен оның отбасы мүшелеріне әртүрлі сыйлықтар мен қызметтер жатады. Іскерлік сыбайлас жемқорлық билік пен бизнестің өзара әрекеттесуі арқылы туындайды. Мысалы, шаруашылық дау кезінде тараптар өз пайдасына шешім шығару мақсатымен сот қолдауына ұмтылуы мүмкін. Жоғарғы биліктегі сыбайлас жемқорлық демократиялық жүйелердегі саяси басшылық пен жоғарғы соттарға жатады. Ол саясатты сайлаушылар мүдделеріне қайшы және өзінің мүдделеріне қарасты жүзеге асыруда жауапсыз тәртіпте билікте тұрған топтарға тиісті болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықтың түрлері қандай?
Последние статьи автора