Супермаркетке коляскамен кіруге тыйым салынған ба?

Супермаркетке коляскамен кіруге тыйым салынған ба?

Менің бес айлық балам бар. Кейде сәбиімді үйде жалғыз қалдыра алмай, дүкендерге бірге алып жүруіме тура келетін кездер болады. Бірақ жақында супермаркеттегі күзетшілер менің коляскамен (бесік арбамен) онда кіруіме тыйым салды. Бұл қаншалықты дұрыс, заң бойынша олардың бұлай істеуге құқы бар ма? Егер заңсыз болса, қайда барып шағымдануыма болады?

Айнұр, Алматы қаласы

Қолданыстағы заңнамада сатып алушының сауда ғимаратына бесік арбамен кіруіне тыйым салу туралы ешқандай норма қарастырылмаған. ҚР «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» Заңының 28-бабына сәйкес, Сатушы тұтынушының өзіне ыңғайлы уақытта тиісті сападағы тауарды сатушының жұмыс режимін ескеріп, еркін таңдауын қамтамасыз етуге міндетті. ҚР заңдарында «сатушы тұтынушыға тікелей немесе жанама шектеулерді белгілеуге жол бермеуі тиіс» делінген. Сондықтан қазақстандық заңнама дүкендерге тікелей түрде бесік арбамен кіруді шектемегендіктен, мұндай тыйым салулар жоғарыда көрсетілген нормаларға қайшы келеді. Бұл ретте күзет фирмаларының немесе олардың бөлімшелерінің заңсыз іс-әрекеттері аумақтық мамандандырылған күзет қызметінің басқармасында шағымдануға жатады. Жүйелі әрі негізді заң бұзушылықтар үшін олар лицензиясынан айрылуы мүмкін. Сонымен қатар, тұтынушылар дүкен әкімшілігімен немесе олардың қызметкерлерімен бұзылған құқықтарын сот арқылы қорғай алады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста