Сумо — алыптар белдесуі

Сумо — алыптар белдесуі

Жапондардың сумо спортының тарихы туралы білгім келеді.
Жаңаберген ДОСПАНОВ
, Астана қаласы

Сумо – шамамен екі мың жыл бұрын жапон елінде дүниеге келген спорт түрі. Арнаулы алаңға суперауыр салмақтылар шығып, бар-жоғы отыз-ақ секундқа созылатын айқаста жеңімпазды анықтайды. Алыптар айқасы балшықтан арнайы жасалған дохеде (алаң) өтеді. Әр айқас біткен сайын дохені жаңартып отырады. Оған екі тоннадай топырақ кетеді. Дохе сырттай қарағанда аумақты көрінгенімен, небәрі төрт-бес метр диаметрді құрайды. Палуандардың алыптығын ескерсек, олардың еркін қимыл-қозғалыс жасауына мүмкіндік те жоқ. Ал атлеттердің салмағы 100-ден 300 келіге дейін жетеді. Салмақты арнайы тамақтану арқылы жинайды.
Суматорилер рұқсат етілген 70 әдістің кез келген түрімен қарсыласын шекарадан шығарып жіберсе немесе дохеге табанынан басқа денесінің бір мүшесін жерге тигізсе, жеңіске жетеді. Ұру, шаштан тарту және қылғындыру қимылдарына рұқсат жоқ. Суматорилер айқасқа шығар алдында қолын тізесіне қойып, жүресінен отырады да, қарсыласын көзімен арбайды. Төреші қолындағы желпуішін төмен түсіріп, белгі бергенде, палуандар шабуылға шығады.
Олардың жалғыз ғана киімі – қарнын айналдыра ораған ұзындығы тоғыз метрлік лыпа. Белбеу шешіліп кетсе, палуан тырдай жалаңаш қалады және жеңілді деп есептеледі. Белбеуді ораудың өзі аса шеберлікті қажет ететін болғандықтан, оның да нағыз мамандары болады. Шаш сәндеудің де қатаң талабы бар. Сондықтан оған Бүкілжапондық сумо ассоциациясы іріктеп, 15 жастан бастап 10 жыл бойы оқытып, арнайы жоғары класты шаштараз мамандар даярлайды.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста