Наурыз кезінде бізде наурызкөже әзірлеу дәстүрге айналған. Көршілес өзбек халқында Ұлыстың ұлы күні «сумалак» деген тамақ жасайды екен. Бұл қандай тағам?
Нәзира МҰХТАРБЕК, Алматы
Сумалакты тек қана өзбектер емес, сонымен қатар қырғыз, тәжік, иран, т.б. халықтар Наурыз мейрамы қарсаңында әзірлейтін көрінеді. Бидай қайнату, мақтаның майын қосу арқылы дайындалатын тағам. Бір қызығы, сумалак неғұрлым көп уақыт дайындалса, соғұрлым дәмді болады екен. Тіпті 20-24 сағат бойы әзірленетін кездер болады. Қалыптасқан дәстүр бойынша, сумалакты ән айтып отырып, билеп, әзілдесіп жүріп пісіру қажет екен. Қазақтар наурызкөжені қалай құрметтесе, өзге халықтар сумалакты солай қадірлейді. Олар сумалак физикалық және рухани күш-қуат береді деп сенеді. Ирандықтар хафт син әзірлейді. Бұл кейбір елде «хафт шин» деп те аталады. Бұл тағамды сарымсақ (медицина белгісі), алма (әдемілік пен денсаулықтың белгісі), аскөк (табиғаттың жаңаруы), зәйтүн (махаббат белгісі), сірке суы (қайырымдылық пен төзімділік), нан (жетістік пен табыс) және жемістің бір түрі сумахты қосу арқылы дайындайды.
«Сумалак» деген не?
Последние статьи автора