Сүйіктіңізді ынтықтыратын «сиқырлы» екі сөз

 Сүйікті жігіті өзінің әлі тұрақты қарым-қатынасқа дайын емес екенін айтса, бұл қызды өмірден түңілтіп жіберетіні анық.

Ол жігітке сезіміңді арнап, бар уақытыңды арнап жүресің, бірақ оған ол керек емес екенін білесің. Бұл уақытта барлық жігіт атаулыны жек көріп кетуіңіз де мүмкін. Бірақ осының алдында сіз оған сиқырлы екі сөзді қолданып көріңіз.

Әр бір қыз бірінші кезекте, жігіттен неге олай істейтінін сұрап, сөз таластырады. Бірақ түсінесіз бе, бұл-ақымақтық!

Оны қазбалап қажеті жоқ!

Бұлай жасасаңыз сіз оның анасының кейпіне енесіз, ал еркекке тергейтін «мама» қажет емес!

Сонымен қатар, жігіттің ойға симайтын, құлаққа кірмейтін сөздерін тыңдап тұрып «Мен түсінемін!» деп айтыңыз.

Әрі қарай ештеңе айтпаңыз! Үзіліс жасасаңыз жігіт өзі-ақ әңгімені қайта бастайды. Мың түрлі себеп айтып, сізді ашуландырып, сөз таластыруға шақырады.

Бірақ тағы да, жәй ғана «Мен түсінемін!» деңіз!

Бұл сөз оның «Мені бұл қыз түсінеді» деп ойлауына себеп болады.

Бұл жерде біз сізге оның айтқандарымен келісе бер деп отырған жоқпыз, тек әркім әртүрлі ойлануға, сезінуге құқы бар екенін түсіндіргіміз келеді. «Мен түсінемін!» деген сөз арқылы сіз онымен келіспейсіз, тек өз таңдауы екенін көрсетесіз.

Бұндай жағдайда жігіт өзі сізді мәмілеге шақыруы мүмкін. Мысалы, «Бірақ біз кездесіп тұрайық, қалай болатыны байқайық…» деген кезде, сіз: «Мен сенің менімен кездескің келетінін бағалаймын, бірақ бұл мені қанағаттандырмайды. Мен сені сүйемін, бірақ өзімнен артық емес…» деп айтып көріңіз.

Бұсындай жағдайда ол сізге не айтарын білмей кетіп қалуы мүмкін. Бұл қорқынышты емес, себебі еркектер сіз жанында болмаған кезде бағалай бастайды. Осы уақытта шыдамыңыз жетсе, оған мүлде хабарласпауға, хабарлама жазбауға тырысыңыз.

Ол тұрақты қарым-қатынасқа дайын болған кезде, өзі хабарласады.

Ал хабарласпаса, демек ол сіздің адамыңыз емес.

ikerim.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста