Суды қалай тазартамыз?

Қазір ауру ауызсудан да тарайды деген сөз көп айтылады. Үй жағдайында суды қалай тазартуға болады?
Рашида ЖОМАРТҚЫЗЫ

Суды тазартудың ең қарапайым тәсілі – оны ашық ыдыста көлеміне қарай кем дегенде 2-4 сағат тұндырып қою. Сол кезде хлорды бір бөлігі ұшып кетеді де судан келетін қауіп азаяды.
Екінші тәсіл – кез келген тұрмыстық сүзгіні пайдалану. Құмыралық, ағын су не магис­тральды түрі ме, әйтеуір өзіңізге ыңғайлысын таңдаңыз. Белгілі маркалы сүзгіштердің картриждері хлорды жояды, сондай-ақ құбырмен келген қоспалардан да тазартады. Өйткені су құбырының 75 пайызы бүгінде әбден тозып біткені бәрімізге белгілі.
Үшінші тәсіл – суды қайнауға дейін жет­кізу. Бұл ондағы хлор тым көп болған кезде жақсы, алайда көп қайнатуға да болмайды. Прага ғалымдарының жуырдағы зерттеуі көрсет­кендей, құбыр суын 5-7 минуттан ұзақ қайнатса, онда судағы химиялық заттардан түзілетін диоксиндер, жоғары токсинді және канцерогендік қоспалар пайда болады екен.
Сонымен бірге суды мұздату арқылы да тазартуға болады. Ол үшін тоңазытқышқа салады. Алғашқы пайда болған мұз түйіршіктерін алып тастау керек. Қалған суды толығымен мұздатудың қажеті жоқ. Кейін қататын су бөлігінде қоспаның көп бөлігі қалады. Оны төгіп тастаған абзал.
Оған пластик шөлмекті қолдануға болмайды. Бұл мақсатқа кәдімгі бір жарым литрлік шыны банка жарайды. Ернеуіне дейін толтырмай, суды құйып, тоңазыт­қыштың мұздату камерасына, картон қағаздың үстіне қояды. Шамамен банканың жартысы мұз боп қататын уақытты шамалаңыз. Оның 10-12 сағатқа тең келуін қадағалау қиын емес. Онда мұздату процесін тәулігіне екі рет жасауға болады. Осылайша, бір күндік зарарсыз ауызсуға қол жеткізесіз. Осы әрекеттің нәтижесінде екі құрамды жүйе қалыптасады: мұзды су, яғни қоспасыз таза су және мұз астындағы қатпаған су. Ол су түгелдей төгіп тасталады да, мұзды ерітіп, ауызсуға пайдаланады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста