Менің балам Алматы технологиялық университетінің бірінші курс студенті еді. Оқу орнында алғаш рет стипендияны БТА банк арқылы алады деген, енді ЦентрКредитбанкінің карточкасы қажет депті. Факультет деканатына хабарласып, нақты жауап ала алмадым. Біз қай банктен есеп картасын аштыруымыз керек?
Нәзира Серікбекова
Аталған оқу орнының стипендия бөлімі мамандарының айтуынша, университет алғашқы кезде БТА банкпен ынтымақтаса жұмыс істеген екен. Кейін белгілі себептерге байланысты ЦентрКредитбанкімен келісім жасалыпты. Енді бұдан былай стипендия осы банк арқылы аударылады. Балаңыз бүгінге дейін БТА банктің картасын жасатып қойған жағдайда қыркүйек айының стипендиясы осы есеп картасына түсуі тиіс. Ал карта мүлдем жасалмаған болса, бірден ЦентрКредит- банктен аштыра берсеңіз болады.