Стендаптар бәйгесін неге өткізбеске?

Кинода «үздік ерлер рөлі», «үздік әйел рөлі» немесе «ең үздік трюк», «ең үздік вокал» деген сияқты кәсіби элементтерге қарап марапат тағайын­далады. Телевизия хабарларын дайындайтын журналистердің де мұндай марапатқа лайық жұмыстары бар. Мысалы, стендап. Теле­жур­налистер күн сайын шеберліктерін шыңдап, неше түрлі стендаптар жасайды. Бірінен бірі өтеді. Бірақ бұлар күн сайынғы эфирмен бірге ұмы­тылып кетеді. Телеарналардағы стендаптар арасында неге өзара байқау ұйымдастырмасқа? Бұл бәсекелестікті жандандыруға септігін тигізер еді.
Самал Ақжігітова,
Атырау қаласы
Стендап – тележурналистің кадрда жұмыс істеуі. Әдетте бұл әдіспен тілші оқиға орнынан ақпарат жеткізеді, сту­дия­мен байланысқа шығады, соңғы мә­ліметтерді хабарлайды, сон­дай-ақ ре­портаж ішінде қажетті деталь­дар­ды көрсету үшін, оқиғаны, мәліметті бей­нелі түрде ұғынықты ету үшін қолдана­ды. Стен­даптың формасы мен көркем­дік ер­ек­шеліктері телевизияның өзімен бірге күн са­йын дамып жатыр. Ресейде журналистік кон­курстар шеңберінде «Ең үздік стендап» ата­латын номинация бар. Қазақстандық теле­журналист Максим Рожин мұндай байқауды бізде де ұйымдастыру керек екенін айтады. Телевизия мамандары кадрда сөйлеу­дің негізгі үш түрін көр­сетеді: 1) клас­сика­лық: мик­рофонмен белгілі бір фон­да немесе оқиға ор­нында сөйлеу; 2) жаңашыл: журналисттің ақ­паратты қимыл-қозғалыспен жеткізуі; 3) «жасы­рын камера»: түсіруге рұқсат етілмеген жер­ден кадрға шығу. Стендап тексті алдын ала сауатты жазылуы керек, кадр­­да бірден суырып салу қате­ліктерге, сөз қайталауларға, абдырап-тұтығу­лар­ға жол береді. Журналист стендапта 20 секундтан артық сөйле­мегені дұрыс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста