Спортшыдан мықты саясаткер шыға ма?

Әлемдік саясатта өз орны бар спортшылар жайлы білгім келеді. Жалпы, танымал спортшылардың саясатпен айналысуына жол ашқан дұрыс па?
Азамат,
Қарағанды қаласы
Спорт маңызды әлеуметтік феномен ретінде қо­ғам­дық өмірдің барлық саларында жоғары баға­ла­нады. Сол үшін де спорттан саясатқа кеткен тұл­ғалар­дың жолы болғыш. Мысалы, жұртшылық Либерия елінің президентігіне Африканың үздік футболшысы Джордж Веа үміткер болғанын жақсы біледі. Филиппин конгресінің мүшелігінде WSB сериясының жеңіл салмақтағы чемпионы Мэнни Пакьяо,  Брази­лия конгресінің мүшелігіне атақты футболшы Рома­рио өткенін де қаперіңізде сақтаңыз. Қазір «Бірлескен Ресей» партиясының құрамындағы белді спортшы-саясаткер Николай Валуевтің де саясаттағы орны көпшіліктің назарын өзіне аударып отыр. Сонымен қатар Грузияның екінші вице-премьерлігіне ұсыныл­ған футболшы Каха Каладзе де әлемде мықты сая­саткер деп танылады. Өйткені ол қазір Грузияның өңір­лерді өркендету министрі. Үлкен футболды сая­сатқа ауыстырған «Украина-Алға» партиясының бел­ді мүшесі Андрей Шевченконың да саяси белсенділігі мы­­ғым. Бұл орайда танымал боксшы Виталий Кличко Украинадағы «Удар» партиясының саясаттағы рейтингісін шарықтатып жібергенін де айта кеткен жөн. Әрине, танымалдылық саяси мансапқа оң ық­палын тигізеді. Сол себепті де қоғамдық мәселелерге атақ­ты спортшыларды тартқанның айыбы жоқ шығар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста