Солтүстік мемлекеттердің министрлер кеңесі дегенді естіп едім. Ол қандай кеңес? Қай құрлықтың солтүстік мемлекеттері мүше?
Марат ОРМАНБАЙ, Алматы
Солтүстік кеңес немесе солтүстік мемлекеттердің министрлер кеңесі – Солтүстік Еуропа мемлекеттерінің парламенттері мен үкіметтері арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін құрылған ұйым. Оған Дания, Исландия, Норвегия, Финляндия және Швеция мемлекеттері мүше. Солтүстік кеңестің территориясына сонымен қатар Аланд аралдары, Гренландия және Фарьер аралдары кіреді. Орталығы Дания астанасы Копенгагенде қоныс тепкен аталған ұйымның Эстония, Латвия, Литва елдерінде ақпараттық кеңселері жұмыс істейді. Сонымен қатар ақпараттық орталықтары Ресейдің Санкт-Петербор және Калининград қалаларында қызмет атқарады. Солтүстік кеңес жыл сайын әдебиет, музыка, қоршаған ортаны қорғау және кинематография салалары бойынша марапаттар үлестіреді.
Солтүстік кеңес қандай ұйым?
Последние статьи автора