Ғаламтор арқылы хат-хабар алысқан кезде «смайлик» деп аталатын адамның басы пiшiндес кiшкентай таңбаларды қолданып жатамыз. Осы смайликтер қай кезден берi бар? Оның қазақша атауы бар ма?
Арман КЕНЖЕБОЛАТ, Ақтөбе қаласы
Ғаламтор мен SMS жүйесiнде кең қолданылып жүрген «Смайлик» ұғымы ағылшынның smiley және emoticon, яғни идеограмма және көңiл күй деген мағынаны бiлдiретiн сөздерiнен туған. Былтыр смайлик таңбасының 25 жылдығы аталып өттi. Бiрақ орыс интернет зерттеушiлерiнiң айтуынша, оның тарихы әрiде. 1969 жылы-ақ Владимир Набоков эмоцияны графикалық түрде бейнелеу үшiн арнайы тыныс белгiсiн жасау қажеттiгiн айтқан. Негiзi, смайликтiң атасы – ағылшын ғалымы Скотт Фалман саналады. Бiз пайдаланып жүрген , :-), -) тәрiздi смайликтердi әлемде тұңғыш болып қолданысқа енгiзген сол. Әзiрше смайлик ұғымының қазақша баламасы жоқ. !
Смайлик қашан пайда болды?
Последние статьи автора