Жақында шетелдік спорттық арналардың бірінен бұрын-соңды көрмеген ойын түрін тамашаладым. Комментаторлардың сөзінен аңғарғаным, спорттың бұл түрі «Сквош» аталатын сияқты. Бұл не қылған ойын түрі?
Әмина ДУМАНҚЫЗЫ, Алматы қаласы
Жан-жағы дуалмен қоршалған шағын бөлменің ішінде ойналатын ойын. Бөлменің ұзындығы – 9,75 метр, ені – 6,40 метр, биіктігі 4,57 метр болуы тиіс. Қарсыласпен де, жалғыз өзі де ойнауға болады. Тіпті жұптасып өнер көрсету де қарастырылған. Добы теннистікінен сәл кішкентай демесеңіз, ойын теннис спортына ұқсайды. Ракеткасы да бір. Бірақ бір бөлменің ішінде допты қабырғаға соғып ойналады. Бастаған ойыншы допты ракеткамен қабырғаның арнайы бөлігіне соғады. Келесі ойыншы допты жерге екі рет түсірмей қайта соғуы керек. Егер доп аутқа кетсе, не жерге екі рет түсіп кетсе немесе төрешінің пікірінше, қарсыласына доп соғуға кедергі келтірсе, онда екінші ойыншыға ұпай жазылады. Халықаралық ережеге сәйкес, ойын бес геймнен аспауы керек. Әр гейм тоғыз ұпайға дейін созылады.
Зерттеушілердің пікірінше, спорттың бұл түрінің түп тамыры 1860 жылдары Англия астанасында пайда болған екен. Бүгінде әлемнің 150-ге жуық елінде спорттың осы түріне арналған корттар бар көрінеді.
Сквош деген қандай спорт?
Последние статьи автора