Кейбіреулер «шиенің отаны Қазақстан» дейді. Сол рас па? Жеміс ең бірінші қай елдің аумағында өсірілген?
Алмагүл ӨЛМЕСЕКОВА, Жамбыл облысы
Өсімдіктану ғылымы шиенің ең ежелгі түрі деп ерте пісетін қызыл шиені немесе құс шиесін айтады. Оның біздің дәуірімізге дейінгі 8 мың жыл бұрын-ақ өсірілгені мәлім. Жемістің көне нұсқалары Түркияның еуропалық бөлігі – Анадолы түбегінен және қазіргі Дания мен Швейцария аумағынан да табылған. Геродот жазбаларында еуропалық патшалардың шие мен шиеден жасалған өнімдерді сүйіп жегені айтылады. Ғалымдар бұл жеміс Кіші Азия, яғни Анадолы түбегінен Италияға апарылғанын топшылайды. Ертеде шие ағашының жапырағына қарап, ауа райын болжайтын болған. «Егер қыста шие жапырағы түспесе, қанша қалың қар жауса да, оның бәрі түк қалмай еріп кетеді» делінген.
Шиенің отаны қай ел?
Последние статьи автора