1. Қыздық «перде» — пәктік белгісі.
Жалпы «пәктік» деген әдемі ұғымның алдында шляпімді шеше отырып, 100 пайыз біреудің пәк не пәк еместігін анықтайтын медициналық тәсілдің жоқтығын қаперіңізге салуға рұқсат етіңіз. Даулас-дауласпа, қыздық пердесін «жаман бала» мектепте дене шынықтырып жатып та, оңбай сүрініп құлап та жыртып алуы мүмкін. Ал кей қыздарда ол туа бітті жоқ.
Оған мына үш қызық жайтты қосыңыз:
1) Қыздардың көбі алғашқы жыныстық қатынас кезінде қан шықпағанын айтады.
2) Қыздар қыздық пердесін сақтау үшін жыныстық қатынастың басқа түріне бара алады.
3) «Гименопластика» — пердені қалпына келтіру операциясы. Өзіңді бәрінен қумын деп жүр ме едің? Ыхы-хы…
Ал тұтастай қыздың пәктігіне арналған «телегония» деген нанымды ғылыми қауымдастық әжемнің көзі тірісінде-ақ «дүмше ілім» деп таныған.
Сондықтан, пәктігін қыз тек өзі ғана біле алады және өзі үшін ғана сақтай алады.
2. Әйелдер секс туралы еркектерден аз ойлайды.
Осыған кім сендіреді бізді-ей? Әйелдер сексті біздей-ақ ойлайды. Жо-жоқ, бұл әлдекімдер айтып жүргендей жаһандану тренді емес. Оны анықтау үшін әйелге дұрыс сұрақтарды қою жеткілікті.
Тіпті кейде, қоғам еркектерді секстен бөтен ештеңені ойламайтын хайуан етіп көрсетуге асығыстық танытқан сияқты. Иә, бозбалалық шақта жатсақ та, тұрсақ та эротикалық образдардан ұйқымыз қашатыны бар. Бірақ, стереотиптердің күштілігі сол — көрінгенмен жата кетуге құлықсыз болсақ, өзімізді «белсіз» сезінетін күйге жеттік. Айырмашылығымыз — біздің эротикалық тартымдылықты әртүрлі түсінетіндігіміз. Әйелдер секс туралы астарлап айтуға бейім. Ал біз былш еткіземіз. Кейбір анық сигналдарды ұқпай қалуымыз да содан.
3. «Айқайласа — жетіскенім!»
Адамның шыңғыруына неше түрлі себеп бар ғой, қарақтарым. Мүмкін оның жанына батып жатқан шығар? Әдетте, әйелдің бір жері ауырса, оған немқұрайлық таныту дұрыс емес. «Ауырттың» — десе, қоя ғой. Ол көбіне, әйелдің дайын еместігінен.«Иі» келмегеннен болуы да мүмкін. Әйел шыдауы мүмкін. Бірақ шындығы сол, әйелдің ағзасы енді оянып жатқанда, біздің ағзамыз, «қой-ей, мен дайындықты бағана бастап қойғам, екеуің анекдот жіберіп отқанда» дейді.
4. Секс туралы кейбір тақырыптарды талқыламау керек.
Бұл енді үйленген достарымда жиі кездеседі. Әрине, егер әңгіме процесс үстінде Ницшеден цитата жіберіп қойып, Аушвицте өлген жөйттердің нақты санын есептеу жайлы болса — дұрыс пайым.
Бірақ, секс туралы әңгімені тек ғана «секске жету жолы» деп қарастыру — ақымақтық. Ондай ашық сырласуларды жарыңызбен кейін де, жыныстық қатынас сапасын арттыру үшін де доғармау керек. Жасыратын не бар, құрысын? Алайда, әйелдердің көбі күйеуімен тап секс туралы ашық әңгіме бастауға, не қалайтынын айтуға ұялады. Еркек бір жауды қырып келген құсап, бірден сиырдан «серьезный» кейіпті киіп алып: «өй, өлдің ба сонша?» деп жекуі мүмкін ғой. Құдды, жаңа ғана жанталасып жатқан өзі емес сияқты. «Мен туралы жаман ойда болмасын» дейді де, әйелдер қауымы үнсіз, іштен тынады. Сосын отырады форумдарда, жеке ба… көтінің мәселесін трольдарға талқылатып.
5. Бір рет жігітпен жақындасқан қыз үнемі еркек қалап тұратын мақұлыққа айналады.
Жастардың білуі тиіс...: Секс туралы жігіттер сенетін 6 өтірік (+18)Әйелдер үнемі қаламақ түгілі, жыныстық қатынастың дәл ортасында сені қаламай қоюы мүмкін. Егер сонысын білдірсе, ашулана кетпеуге тырыс. Оның бұл тірлігі міндетті түрде айлығыңның аз шыққаны немесе мусор төкпей қойғаның кесірі емес. Иә, ол да бір себеп болған шығар. Бірақ, некедегі әйелдің басында нешетүрлі жағдай болатынын біл. Гормондық тепе-теңдік бұзылуы. Шуаш, қолаңса, ауыздан шыққан жағымсыз иіс, дамбалыңдағы «детский» принт, әйел тәбетінің түбіне жетіп тынуы мүмкін. Одан бөлек, босанғаннан кейінгі «психоз», тұрмыстық бірыңғайлық. Өй, аз ба себеп? Ал шындық біреу —
әйел жыныстық қатынасты үнемі қаламайды. Міндетті де емес.
6. Қынап кеңдігі жыныстық қатынас жиілігіне байланысты.
Жастардың білуі тиіс...: Секс туралы жігіттер сенетін 6 өтірік (+18)Осыдан жиі естіген өтірігім жоқ. Бала туудан кейін де бұрыңғы қалпына келе алатын мүшеге қандай сұрағың бар? Қынаптың үлкендігі құлақтың үлкендігі сияқты әркімде туа біткеннен әртүрлі болады. Әрине, жас ұлғайған сайын немесе босану кезіндегі кейбір процесстерден қынап бұлшық еті босап, кеңеюі мүмкін. Тек қынаптың құлақтан жақсы тұсы, оны қоршаған бұлшық еттерін шынықтыру арқылы, оның иілгіштік, мығымдық қасиеттерін арттыруға болады. Қалай болғанда да, қынап жыныстық қатынас жиілігінен кеңімейді.