Қолым қалт еткенде шекілдеуік шаққанды жақсы көремін. Бұл күнделікті кешкі ермегіме айналды десем, артық айтқаным емес. Шемішкенің ағзаға зияны бар ма? Болса қандай?
Арайлым ТҮСІПХАНОВА, Қарағанды қаласы
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, шекілдеуіктерге жүргізілген зерттеу нәтижелері олардың құрамында кадмий ауыр металының мөлшерден тыс көбейіп кеткенін көрсеткен. Ғалымдар мұны күнбағысты өсіру барысында түрлі тыңайтқыштардың есепсіз қолданылуымен түсіндіреді. Денсаулық сақтау мамандарының айтуынша, шемішке шағуға құмар адамның көп ұзамай бүйрегі әлсіреп, жүйке жүйесі сыр беруі әбден мүмкін. Шекілдеуіктің адам ағзасына тигізер тағы бір зардабы – сүйектің әлсіреуі. Сүйектердің минералдану қалпын бұзатын кадмий ауыр металы Д дәруменінің өндірілуін де тежейтін көрінеді.
Шекілдеуіктің зияны көп
Последние статьи автора