Қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасын кесіп өту үшін қандай құжаттар талап етіледі?
Жансерік Тілеубеков, Алматы облысы
ҚР ҰҚК Шекара қызметі мамандарының мәліметінше, ҚР Үкіметі мен Қырғыз Республикасы үкіметі арасында бекітілген «Қазақстан Республикасы азаматтарының Қырғыз Республикасы аумағында және Қырғыз Республикасы азаматтарының Қазақстан аумағында болу тәртібі туралы келісімнің» 4-бабына сәйкес, екі ел азаматтарынан мемлекеттік шекарадан өту үшін жеке басты куәландыратын құжаттар талап етіледі. Олар: жеке куәлік немесе төлқұжат, 16-ға толмаған балалардың туу туралы куәлігі, фотосуреті және егер ата-анасы қасында болмаса, шекарадан өту себебін түсіндіретін анықтама. Сонымен бірге, қызметтік сапарлар кезінде дипломатиялық, қызметтік куәліктер де талап етіледі.
Шекарадан өту үшін қандай құжаттар қажет?
Последние статьи автора