Өткенде спорттық арналардың бірінен шахбокс деген спорт түрін көріп қалдым. Қызық болып көрінгенімен, ережесін аса түсінбедім. Хабардар етіп жібересіздер ме?
Әлішер Олжабай, Шымкент қаласы
Шахбокстың концепциясы ең алғаш Франция сатиригі Энки Билалдың комикс-романында дүниеге келген. Бірақ оны іс жүзіне асырған голландиялық перформанс Ипе Рубинг еді. Билалдың әлгі шығармасын оқып, қуат алған Рубинг шахмат пен боксты ұштастырып, шахбоксты өмірге әкеледі.
2003 жылы шахбокстан алғаш рет орта салмақ дәрежесінде әлем біріншілігі өтіп, Ипе Рубингтің өзі чемпион болған. Бүгінде Дүниежүзілік шахбокс ұйымы (WCBO) да бар.
Ал спорттың бұл түрінің ережесі мынадай. Жекпе-жек 11 раундқа дейін жалғасады. Тақ раундтарда боксшылар жылдам шахмат ойнаса, жұп раундтарда жұдырықтасады. Бір шахмат раунды – 4 минуттан, ал жұдырықтасу раунды 3 минуттан тұрады. Жеңімпаз нокаут, техникалық нокаут, мат, қарсыластың берілуі немесе шахматқа берілген уақыттың өтіп кетуі нәтижесінде анықталады. Ал егер жұдырықтасу тең аяқталып, шахматта пат тіркелсе, онда қара фигурамен ойнаған боксшы жеңіске жетеді.
Шахбокс деген қандай спорт?
Последние статьи автора