Сауықтыруға арналған жәрдемақы қалай төленеді?
Мен мектепте әлеуметтік педагог болып жұмыс істеймін. Осы жылдың сәуір айына дейін толық бір ставкамен жұмыс істедім. Сәуірдің 10-ынан бастап жарты ставкаға қысқартты. Еңбек демалысына шығайын десем, есепші «сауықтыруға арналған жәрдемақыны соңғы айдағы 0,5 ставкамен төлейміз» – дейді. Мен тоғыз ай толық ставкамен жұмыс істеп келдім. Осы дұрыс па?
Балжан Айсариева, Ақтөбе облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы маманының мәліметінше, ҚР Еңбек кодексінің 1-бабында азаматтық қызметшi – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қазыналық кәсiпорындарда, мемлекеттiк мекемелерде ақылы штаттық лауазымда iстейтiн және олардың мiндеттерi мен функцияларын iске асыру және мемлекеттiк органдарға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыру мен олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыратын адам деп белгіленген.
Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 850 қаулысымен бекітілген (оның ішіне дәрігер маманы кіреді).
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 Қаулысына сәйкес азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі уақыт бойынша және/немесе кесімді еңбекақы төлеу жүйесі болып табылады деп белгіленген.
Осыған орай, Сіздің жағдайыңызда жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiлген кезде лауазымдық жалақысы мөлшерiнде сауықтыруға арналған жәрдемақы 0,5 ставка мөлшерінде төленеді.