Сәукеле киген сұлудың көне мүсіні сақталған

Қазақ даласы тас мүсіндер мен балбалтастарға бай. Жақында біздің жерде сәукеле киген сұлудың мүсіні сақталған деген деректі көзім шалып қалды. Бұл туралы анық білгім келеді.Динара ЕРМЕКҚҚЫЗЫ, Ақмола облысы

Жекешат тас мүсіні – орта ғасырлардан сақталған көне ескерткіш. Қарағанды облысының Ұлытау өңіріндегі Жекешат сайында орналасқан. Ескерткішті 1946-1950 жылдары ғұлама ғалым Әлкей Марғұланның жетекшілігімен Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеген. Ол ХІV ғасырларға жатады.
Мүсіннің басты ерекшелігі – оның бұрынғы түркі дәуіріндегі салт-жоралғыдан басқаша, жаңа тарихи кезеңнің дәстүрімен қойылғанында. Мүсін кішігірім тас обаның түркі кезеңіндегідей шығыс жағында емес, солтүстік-батысында орнатылған. Беті де солтүстік-батысқа қарайды.

Қызғылт қоңырқай түсті құмайт тастан жонылған. Ескерткіштің биіктігі – 110 см, ені – 26-30 см, қалыңдығы – 20 см. Мүсінші басына сәукеле киген жаңа түскен жас келіншектің сұлу бейнесін кескіндеген. Сәукеленің осы мүсін таста келтірілген жеңіл түрін халық арасында желек деп айтады.

Жекешат тас мүсіні сипаты бойынша, Орталық Қазақстан өңіріндегі тастан мүсін жасау дәстүрінің ең ақырғы кезеңіне жатады. VІ ғасырдан бастап, тамыры арғы дәуірлерге баратын түркілердің тас мүсін өнері, кейінгі қыпшақ заманына қарай ислам діні тарапынан тыйым салынып, соңынан жойылып кеткен. ХVІ ғасырдан қазақ арасында тас мүсін орнына моланың солтүстік-батыс жағына қойылатын, бетіне араб жазуы түсірілген құлпытастар кеңінен тараған. Сондықтан Жекешат тас мүсіні ежелгі көне дәстүрлердің жойылар алдындағы соңғы бой көрсетуінің бір үлгісі болып табылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста