Шарманка қандай аспап?
Музыкалық аспапта жақсы ойнай білу үшін бейімділікпен қатар, әрине, ноталық сауаттылық қажет. Бірақ ойнап үйрену ерекше ғылымды қажет етпейтін шарманка деген аспап бар екен. Ол – қандай аспап?
Айжан НҰРЛЫБЕК, Қапшағай
Шарманка – механикалық үрмелі аспап. Дыбыс шығаратын түтікшелер, терілер, металл түйреуіштері бар білікшелер салынған, кішігірім жәшік пішінді тасымалды орган түрі. Ең алғашқы шарманка әнші құстарды зерттейтін ғалымдарды қарапайым әуендерге үйрету үшін XVIII ғасырда жасалған. Бұл кішкентай аспаптар серенетта деп аталған. Құрылымы жөнінен олар кішкентай органды елестеткен, бірақ олардың үні өте баяу болған. Шеберлер дыбысты күшейтумен айналысқан және бұл мақсаттарына жеткен. XVIII ғасырда күрделі музыкалық автоматтарды көріп, бүкіл Еуропа таң-тамаша қалған. Кезбе әртістер шарманканы қатты ұнатқан. Еуропаның сол кездегі ең танымал әндері шарманкамен орындалған. Кейін радионың ойлап табылуына байланысты шарманкаларға сұраныс азайған.