Шариғат бойынша жаңа қонысқа қалай кіру керек?

Ассаламу алейкум! Жаңа үйге кірген қоныс иелері шаңырақта берекет болуы үшін шариғат бойынша қандай амал жасағаны дұрыс?
Уа алейкум ассалам!

Жаңа қонысқа кіргенімізде ағайын-туыстар мен көрші-қолаңды шақырып, дастарқан жаю қазақи дәстүріміз. Бұл шариғат бойынша шақырылғанда бару мұстахаб болып табылатын бес той-томалақтың қатарына жатады. Шариғатта бұл қонақ асын уәкира деп атайды. Уәкира – үй құрылысы бітуіне орай жайылған дастарқан. Сонымен бірге, төмендегідей амалдарды жасаған жөн:
1. Шаңыраққа кіргенде дұға оқу. Хадисте риуаят етілген дұға мынадай: «Әъузу бикәлимәтил Ләһи әт-тәммә мин шәрри мә холәқ» (мағынасы: Алла жаратқан барлық мақұлықтардың зиянкесінен Алла Тағаланың барша сөздерімен пана сұраймын). Хаулә Хакимқызы (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Кімде-кім бір үйге кіретін болса, «Әъузу бикәлимәтил Ләһи әт-тәммә мин шәрри мә холәқ» деп айтсын. Міне, сонда ол жерден көшіп кеткенше ешбір зияндық көрмейді[1]», – деп айтылған.+

2. Бақара сүресін оқу. Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Үйлеріңді бейіт сияқты етіп жібермеңдер. Шындығында, Бақара сүресі оқылған шаңырақтан шайтан қашады[2]», – деп айтылған.
3. Таңертеңгілік және кешкі дұғаларды оқып жүру;
4. Аманшылық болсын әрі түрлі зиянкестен сақтасын деген ниетпен садақа беру және нығметтер үшін Жаратқанға шүкіршілік ету. 

muslim.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста