Шарап ыдысына өрмелеген жылан бейнесі нені білдіреді?

Әріптесім иығына екінші татуировкасын жасатқалы жатыр. Бұл жолғысы – жылан мен шарап бокалы бейнеленген таңба. Мұндай бейне денсаулық сақтау мекемелерінің де нышаны екенін білемін. Дәл осы бейнені не себепті медицина ұғымымен байланыстырады және ондай татуировка нені білдіреді?
Ардақ Сағызбаев,
Алматы қаласы

Медицина саласының нышанына ай­нал­­ған жылан мен шарап құятын ыдыс таң­басы, ша­ма­­мен, мыңжылдық бұрын пайда болған десе­ді. Ежелгі дәуір қолжазбалары жеткізген мәлі­мет бойынша, жылан дана­лықтың, үздіксіз қоз­ға­лыс пен дамудың, жаңарудың белгісі санал­ған. Антикалық әдебиеттерде ем құдайы Асклепий­дің сы­ры­ғына, сауда құдайы Гермес­тің, сондай-ақ Аполлонның асатаяғына өрме­леп бара жатқан жыландар бейнесі кездеседі. Алай­да медицина тарихын зерттеуші орыс ға­лым­дары таңбада денсау­лық құдайы Салу­таның шипалы ыдысы бей­не­ленгенін ай­та­ды. Мұндағы мағына дәрі­герлердің қызметі жы­лан­ның талай дерттен айықтыра алатын шипа­лы уы секілді дегенді меңзейді. Ал мұндай та­туи­ров­каны көбіне қан­дай қиындық болса да сыр бермейтін төзімді, ақылды адамдар таңдай­ды екен.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста