«Сапа белгісі» қай шеберге бұйырды?

«Сапа белгісі» қай шеберге бұйырды?

Қа­зақстандық қолөнер шеберлері халықаралық «Сапа белгісі» серти­фи­катын иеленіпті деп естідік. Оның қандай артықшылықтары бар? Осы жө­нінде нақты білсек деп едім?
Айбек Тұрсынұлы,
Алматы облысы
Жуырда БҰҰ-ның Білім, ғылым жә­не мәдениет жөніндегі ұйымы «Са­па белгісі» бағдарламасы бо­йын­ша Ор­талық Азияның ең үздік  қо­л­өнер­ші­лерін анықтаған болатын.
Марапаттау рәсімі Алматыда ашыл­ған «Бәйшешектер гүлдегенде» ат­ты қолөнер шеберлерінің көрме-жәр­меңкесінде салтанатпен өтті. Ұйым­дастырушылардың айтуынша, «Са­па белгісі» бағдарламасы аясында екі жылда бір рет халықаралық дең­гейдегі қазылар алқасы бас қосып, үздіктерді анықтайды. Бүкіләлемдік қолөнер кеңесінің Орталық Азия бойынша вице-президенті Динара Чочунбаның айтуынша, биыл Иранның Тегеран қаласында өткен сарапшылар кеңесінің шешімімен БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының «Қолөнер бұйымдарының сапа белгісі» сертификатына Қырғыз елінен – 22, Қазақстаннан – 12, Өзбекстаннан–5, Тәжікстаннан – 2, Түрікменстаннан 1 қолөнер бұйымын жасаушы ие болды.   Қазақстандықтар арасында Айгүл Жан­се­рікованың, Гүлзира Дайырова мен Зұлқар Мол­дабайдың бұйымдары бар. Әрбір өнім­ге баға берілетін бұл сайыста А. Жансерікова сияқты кейбір өнер майталмандары екі бірдей «Сапа» сертификатын иемденген. Аталған сертификатты иеленушілер өз кә­сіп­терін бұдан әрі жалғастырып, жетіл­діруге жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізеді. Қазақ шеберлерінің күмістен, киізден, ағаштан, темірден  жасаған бұйымдары әлемдік деңгейде жоғары бағаланып отыр. Енді аталған сертификат көмегімен шеберлеріміз дүниежүзінде өтетін беделді жәрмеңкелер мен байқауларға кедергісіз  қатыса алады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста