Нәубет жылдары «Халық жауы» атанып атылған Шәкәрім атамыздың денесі тасталған құрқұдықты алғаш тауып, көрсеткен адам кім екенін білгім келеді?
Азамат АМАНҰЛЫ, Астана
Бұл туралы құрқұдық басына ескерткіш орнатқандардың бірі ақын Төлеген Жанғалиевтан сұраған едік: «1987-88 жылдары Шәкәрім қайта тірілді ғой. 90-жылдары мен Абай ауданы әкімінің орынбасарымын. Аудан әкімі Орал Арғынбеков мені шақыртып алып: «КСЖБ-да Семейде құрылыс тастарын өңдейтін комбинат бар. Ақшасын Бірлік совхозының директоры Сайлау Кошкин төлейді. Құрқұдықты тауып, Шәкәрімнің басына белгі қояйық», – деп тапсырма берді. Оған дейін құрқұдықтың аты да, заты да белгісіз болып келді. Бақанастың бойында он шақты құрқұдық бар. Нақты қай құрқұдықта екенін дәл табуымыз керек. Абай ауылының көзкөрген қарттары, арнайы құрылған комиссия бар, Ахат ақсақалдың көзін көргендер, әркім әрқилы айтты. Шәкәрімді құрқұдыққа тастағанын көрген жалғыз адам – Кәрімқұлдың Қабышы. Қаптаған солдаттар «Халық жауын» көметіндерің бар ма?» – деп айқайлапты. Ешкім шығып көмбейтінін білген Кәрімқұл ақсақал 12-13 жастағы баласы Қабышты «сен кішкентай баласың ғой, аналар не істейді екен, байқап кел» деп жіберіпті. Бірақ көрген-бігенін ешкімге тіс жармауын сұрайды. 1959 жылы әкесі ақталғанда, Ахат елге келіп, әкесінің жатқан жерін іздеп, таба алмайды. Ел-жұрт Қабышқа жіберген екен. Жалынып-жалпайып сұраған соң, көрсеткен екен. Кәрімқұл да, Қабыш та, Ахат та жоқ, енді нақ құрқұдықты қайдан табамыз? Ақырында Қабыш ақсақалдың «менің әкемнің аяқ тұсындағы құдық» деген сөзіне сүйендік».
Шәкәрімді құрқұдыққа тастағанын көрген кім?
Последние статьи автора