Сайлауда 100 пайыз дауыс жинаған президент кім?

Осы әлем елдерінде президенттік сайлауларда 100 пайыз дауыс жинаған президенттер бар ма? Болса, олар кімдер?
Болат АҚАНТАЕВ,
Алматы облысы
Сайлаушылардан 100 пайыз дауыс жинаған президент бар, ол – Африка құрлығындағы Джибути мемлекетінің екінші президенті Исмаил Омар Гелле. 60-шы жыл­да­ры оның отбасы Эфиопиядан Джи­бу­тиге қоныс аударады. По­лиция қата­рында қызмет еткен Ис­маил Омар 1977 жылы Джибути тәуел­­сіз­дік алған кезде құпия қыз­меттің бас­шысы болып таға­йындалады. 1999 жылы сайлауда 73 пайыз дауысқа ие болып, пре­зидент атанады. 2005 жылы өзге үміткерлердің қатыспауы себепті 100 дауыс жинап, екінші мәрте пре­зиденттікке сайланады.
Жақында Slate.fr басылымы көп­шілік дауыс жинап, қайта сайланған президенттердің тізімін жариялады. Атап айтсақ: 1) Ис­маил  Омар  Гуелех  (Джибути) 100%. 2) Башар әл-Ассад (Сирия) 97,6%. 3) Теодоро Обианг Нгуе Мбасого (Экваторлық Гвинея) 95,4%. 4) Пол Кагаме (Руанда) 93%. 5) Пьер Нкуринзиза (Бу­рунди) 91,6%. 6) Нұрсұлтан Назарбаев (Қазақстан) 91,1%. 7) Абдельазиз Бутефлика (Алжир) 90,2%. 8) Құрбанқұлы Бердімұха­мед­ов (Түрікменстан) 89,2%. 9) Ильхам Әлиев (Әзірбайжан) 88,7%. 10) Хосни Мүбарак (Мысыр) 88,6%.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста