Ертеден келе жатқан пайдалы сусынның зияны туралы жаңа фактілер.
Шайдың пайдалы екендігіне кім күмән келтіреді? Шай туралы миллиардтаған адамдар, оның басым бөлігі Азия елдері жақсы пікірде. Шай шөлді басып, адамды сергітеді, холестерин деңгейін төмендетеді, жүрек қан тамырлары жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіреді, қартаюды тежеп, адамның ми жұмысының белсенділігіне әсер етеді.
Алайда көпшіліктің сүйікті сусыны болып кеткен шайдың де зияны бар екен.
1. Ыстық шай қан кетуге алып келуі мүмкін
Британ отоларингологы және пластикалық хирургы Генри Шарп (Henry Sharpe) қатты ыстық шай ішу жұтқыншақ тамырларына нашар әсер етуі мүмкін екендігін айтады. Кеседегі шайдан шыққан бу мұрын тамырларынан қан кетуге алып келеді.
Бұдан бөлек, ыстық шай ас қорыту жүйесінде обыр дертінің қауіпін ұлғайтад-мыс деген де болжам бар. Қуанышымызға орай бұл тұжырыммен барлығы келіспейді. Оған әркімнің айтар уәжі бар.
Жалпы алған кезде 50–60 °С температурадағы сусын ең жақсы және пайдалы болып есептеледі. Кесеге құйылған шай бөлме температурасында 5–7 минут тұруы тиіс. Оны содан кейін тұтынған дұрыс.
2.Қатты қою шай тіс пен сүйектерді бұзады
The New England Journal of Medicine үнемі қатты қою сусынды пайдаланып келген бірнеше пациенттің тарихын жариялады. Олар мысал ретінде 17 жыл қатарынан күн сайын 100-150 шай пакеттерін ішкен 47 жастағы әйелдің оқиғасын алған.
Ол қысқа уақыт ішінде барлық тісі босап, қызыл иек жұмыстары бұзылған. Бұл сүйек флюорозасы симптомы. Бұл қою сусынды үнемі тұтыну нәтижесінде сүйектерде фтордың жиналу себебінен болады.
Әрбір адам ыстық шай ішіп, сергіп алғысы келеді. Ол дұрыс та, бірақ кез келген тағам мен сусынды тұтынудың өзіндік шегі бар екендігін естен шығармаңыз. Диетологтар күніне 4–5 кеседен артық шай ішпеуге кеңес береді.
3. Шайда ауыр металл болуы мүмкін
2013 жылы канадалық Journal of Toxicology әлемнің түпкір-түпкірінен алынған пакеттегі шайларды алып, оларды зерттеп, қорытындысын жариялады.
Токсикологтар шай пакеттерінен қорғасын, алюминий, күшәла және кадмий сияқты ауыр металл бөлшектерін тапты. Ауыр металдар шайға ластанған топырақ арқылы түсуі мүмкін. Өйткені шай өсірілген жерге жақын жерде мысалы көмір электр станциясы немесе басқа да өндірістік орындар болуы мүмкін.
Сусындағы металдардың шоғырлану деңгейі оны қайнату уақытына байланысты. Егер пакет ыстық суда 15–17 минут тұрса, онда зиянды заттар қауіпсіздік деңгейіне дейін көтеріледі (мысалы, кейбір үлгілерде алюминидің концентрациясы 11 449 мкг/л дейін жетті. Бір күндік максималды мүмкін мөлшер 7 000 мкг/л).Ғалымдардың тұжырымына қарағанда, шайды ұзақ қайнатқан сайын оның пайдалы элеметтері жойылып, ол керісінше зиянды сусынға айналады. Сондықтан да шайды 3 минуттан артық қайнатуға болмайды.
Осы саланы зерттеушілердің айтуына сенсек, ақ түсті шай жапырақтарына басымдылық беру қажет. Оның жапырақтары жастайынан терілгендіктен, ол ауыр металдардың қауіпті мөлшерін сіңіріп үлгермейді.
4. Кей кездері шай бауырға зиян
Шөп шайлары өзінің құрамына көптеген өсімдіктерде кездесетін пирролизидинді алкалоид — токсиндарды сіңіріп алады. Мысалы олар өгейшөпте кездеседі.
Бұл токсиндар жалпы ағзаға, әсіресе бауырға өте нашар әсер етеді. 2015 жылы америкалық Food Chemistry журналы жас балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге арналған шөп шайдың 44 түрін зерттеу нәтижесін жариялады. Ғалымдар одан 86% пирролизидинді алкалоид токсиндарының бар екендігін анықтады.
Жалпы алғанда шайдан алынған бұл мөлшер ересек адамдар үшін аса қауіптілік туғызбайды (шамадан тыс тұтынбаса). Алайда балаларға және жүкті әйелдер үшін бұл қауіпті мөлшер болып есептеледі.
5. Тамақтан кейін шай ішу ағзада темірдің жетіспеушілігіне алып келуі мүмкін
2011 жылы Калифорния университеті жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша, шай ағзаға түсетін темір дәрумендерін жойып жібереді. Егер тамақтан кейін үнемі шай ішетін болсаңыз, онда темір тапшылығына тап болуыңыз әбден мүмкін. Соның нәтижесінде тері нашарлап, шаштың түсуі жиілейді. Ағзада темір тапшылығы анемияға алып келеді.
Сондықтан да дәрігерлер таңғы, түскі және кешкі асты шаймен ішпеуге кеңес береді. Тамақтан кейін кем дегенде 20 минуттан кейін ғана шай ішкен дұрыс.
6. Шай ұйқысыздыққа алып келеді
Шайдың құрамындағы кофеин мен хош иістендіргіш заттардың да адам ағзасына тигізетін әсері бар. Сергіткіш әсері бар сусындардың физиологиялық негіздері бар, яғни қан тамырларының соғысын реттейді, қан айналымын жылдамдатады, адреналиннің көп бөлінуін қамтамасыз етеді, орталық жүйке жүйесі және ми қозғалысқа түсіп, жұмыс істей бастайды. Бұл таңертең және жұмыс қызған уақытта таптырмас сусын.
Ал кешкі шай ұйқысыздыққа алып келеді. Егер кешке қарай қатты шай ішкіңіз келіп, аңсарыңыз ауса, онда шөп шаймен шектелген дұрыс болады. Оларда көк шай мен қарапайым шайға қарағанда кофеині аз болып келеді.