Шайдың пайдасы ғана емес, зияны да бар
Шай түрлерінің адам ағзасына пайдасы жайлы білеміз. Мәселен, көк шайдың қан қысымын реттеуге септігі бар. Ал күнделікті ішетін сусынымыздың зияны бар ма?
Ақбаян Есқалиева, Алматы
Шайдың пайдасы мен зияны жайындағы мағлұматтарды www.tea4you.ru сайтынан алуыңызға болады. Онда сіздің сауалыңызға қатысты төмендегідей бірнеше дәрігерлік кеңес берілген:
1) шайды аш қарынға ішуге болмайды;
2) қайнап, буы басылмаған шайды ішуге болмайды;
3) Суық шайды да ішуге болмайды, өйткені ол жұтқыншаққа шамадан тыс қақырық жинайды;
4) түнгі мезгілде шай ішу ұйқысыздық пен бас ауруына әкеп соғады;
5) шаймен дәрі ішпеу қажет;
6) шайды тамақтан 20-30 минуттан соң ішкен дұрыс;
7) жарты сағаттан артық тұрып қалған шырынды шайда фенол, липоид, эфир майы сияқты химиялық заттар өзінен-өзі қышқылданады, сондықтан мұның да адам ағзасына зияны болмаса, пайдасы тимейді;
8) шайды бірнеше рет қайнатқан кезде, оның құрамындағы пайдалы элементтер 10 пайызға дейін азаяды;
9) шайды сүзбей ішудің салдарынан асқазан қатпарларына сама қалдықтары тұнып қалады.