Саяси дағдарыс дегеніміз не?
Экономикалық дағдарыс деген ұғым қазір көпшілікке түсінікті. Ал саяси дағдарыс дегеніміз не?
Ардақ Мырзағазы, Алматы қаласы
Саяси дағдарыс кез келген мемлекет үшін қауіпті құбылыс. Саяси дағдарыс орын алған елдің тұтастығына сызат түсіп, қоғамда толығымен тұрақсыздық орнайды. Саяси дағдарыс түсінігі екі жағдайда қолданылады. Мемлекеттер арасындағы келіспеушіліктер мен қақтығыстар туғанда, екіншісі – ішкі қайшылық. Ішкі дағдарыс кезінде мемлекеттегі саяси күштер немесе билік тармақтары арасында алауыздық пайда болып, елде заң аяққа тапталады. Мемлекеттік реттеу әлсіреген кезде елде саяси дағдарыс орнайды. Посткеңестік елдерде, атап айтар болсақ, Гүржістан, Украина және Қырғызстанда саяси дағдарыстар орын алып, соңы төңкерістерге ұласқан болатын. Биылғы Молдовада өткен парламент және президент сайлауының қорытындылары елді саяси дағдарысқа тіреді. Коммунистер мен либерал-демократтардың келіспеушілігінен Молдовада жаңа президент әлі де болса сайланған жоқ.