Сағыз шайнаудың пайдасы неде?
«Іш құрылысы ауыратындарға сағыз шайнаған дұрыс» деп жатады. Осы рас па? Қазіргі медицина сағыз шайнауға қалай қарайды?
Жанаргүл АҒЫБАЕВА, Ақтөбе қаласы
Шайналатын резеңке адамды емдеу мен сауықтыру мақсатына қолданылатын өнім болып табылмайды. Дегенмен оны медициналық мақсатқа пайдалану туралы ұсыныстар бұрыннан айтылып келеді. Айталық, оны тіс пен ауыз қуысын бактериядан тазартуға, тілі кеміс адамдардың сөйлеуін реттеуге пайдалану туралы дәрігерлік кеңестер бар. Соңғы кездері әлемнің онкологтары сағызды ішек қатерлі ісігіне жасалған операциядан соң пайдалану қажеттігін айтып жүр. Қантсыз сағызды көбірек шайнау іш құрылысындағы жарақаттың жазылып кетуіне ықпал етеді. Сондай-ақ сағыз ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартады екен.