Жалпы, Тұрар Рысқұловтың Сталинге бірнеше мәрте хат жазғаны «Қызыл жебе» романында айтылады. Хаттардың нақты саны қанша еді?
Нәзира, Алматы
1930-1931 жылдары елді аштық жайлаған соң, Сталинге келіп жатқан хаттар мен телеграммалардың саны күннен-күнге арта берді. Мәскеудегі басшылыққа облыстық партия комитетінің хатшылары, қатардағы коммунистер, зиялы қауым өкілдері де жолдап жатты. Қазақстан халық комиссарлары советінің төрағасы Ораз Исаев, өзге де жауапты қызметкерлер бірнеше рет хат жазды. Осы кезеңде Тұрар Рысқұлов та өзінің алғашқы екі хаты мен нақты деректемелерін жазды. Алғашқысы 1932 жылы қыркүйек айында, кейінгісі 1933 жылғы қаңтар айында жолданды. Рысқұловтың қатты шамырқанысы бұл екеуінен гөрі үшінші хатта айқын көзге ұрады. Үшінші хат 1933 жылдың 9 наурызында жазылған.
Рысқұлов Сталинге үш хат жолдады
Последние статьи автора