Астаналық өнер шеберлерінің күшімен елімізде тұңғыш рет рок-опера қойылыпты. Бұл классикалық туынды қай тақырыпты арқау еткен, ерекшелігі неде?
Арман РАХАТ, Алматы
Осыдан бірер күн бұрын ғана астаналық көрермен назарына ұсынылған «Жерұйық» рок-операсының негізіне дала философы Асанқайғының Жерұйықты іздеуі жөніндегі аңыз өзек етілген. Рок-опера сюжетіне жүгінсек, Асанқайғы іздеген Жерұйығын бүгінде еліміздің бас қаласы қоныс тепкен Сарыарқа жүрегінен табады.
Рок-операның авторы, композитор Төлеген Мұхамеджановтың айтуынша, «Жерұйық» операсының тұсауы алғаш рет «Дос-Мұқасан» ансамблінің орындауында, осыдан 30 жылдан астам уақыт бұрын кесілген. «Бірақ ол кезде спектакль емес, таза концерттік шығарма ретінде орындалды. Ал қазіргі нұсқасы – 40 адамдық балеттің қатысуымен сахналанған, нағыз драмалық спектакль», – дейді композитор.
Сахналық қойылымда Асанқайғының рөлін Нұрлан Өнербаев орындайды, сондай-ақ спектакльге Бауыржан Исаев, Бауыржан Нұрымбетов, Светлана Васина сияқты басқа да эстрада өкілдері қатысқан. Рок-операмен жұмыс істеуге ресейлік белгілі өнер шеберлері – қоюшы-режиссер Юрий Александров пен қоюшы-суретші Вячеслав Окунев шақырылған.
Рок-опера не жайлы?
Последние статьи автора