Рок-опера не жайлы?

Рок-опера не жайлы?

Астаналық өнер шеберлерінің күшімен елімізде тұңғыш рет рок-опера қойылыпты. Бұл классика­лық туынды қай тақырыпты арқау еткен, ерекшелігі неде?
Арман РАХАТ,
Алматы
Осыдан бірер күн бұрын ғана астаналық көрермен на­за­рына ұсынылған «Жерұйық» рок-операсының негізіне дала философы Асанқайғының Жер­ұйықты іздеуі жөніндегі аңыз өзек етілген. Рок-опера сю­жетіне жүгінсек, Асанқайғы ізде­ген Жерұйығын бүгінде елі­міздің бас қаласы қоныс теп­кен Сарыарқа жүрегінен табады.
Рок-операның авторы, ком­позитор Төлеген Мұхамед­жанов­тың айтуынша, «Жер­ұйық» операсының тұсауы ал­ғаш рет «Дос-Мұқасан» ан­­самблінің орындауында, осы­дан 30 жылдан астам уа­қыт бұрын кесілген. «Бірақ ол кез­де спектакль емес, таза кон­церттік шығарма ретінде орын­далды. Ал қазіргі нұсқасы – 40 адамдық балеттің қа­ты­суымен сахналанған, нағыз дра­малық спектакль», – дей­ді композитор.
Сахналық қойылымда Асанқайғының рөлін Нұрлан Өнер­баев орындайды, сон­дай-ақ спектакльге Бауыр­жан Иса­ев, Бауыржан Нұ­рым­бет­ов, Светлана Васина сияқты басқа да эстрада өкілдері қа­тыс­қан. Рок-опера­мен жұмыс істеу­ге ресей­лік белгілі өнер ше­берлері – қоюшы-режис­сер Юрий Александров пен қою­шы-суретші Вячеслав Окунев шақырылған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста