Қызыл және сары қағаздар тарихы

Қызыл және сары қағаздар тарихы

Футбол жанкүйерлері үшін сүйікті ойыншысының қызыл қағаздан аулақ болғаны аса маңызды. Себебі бүйрегің бұратын команданың аяқастынан жеңіліске ұшырауына кейде осы қызыл қағаздың кесірі тиеді. Мен футболдағы қызыл және сары қағаздардың қалай пайда болғанын кеңірек білгім келеді.
Аян НҰРДАНБЕК,
СҚО
Қызыл қағаз – футбол, гандбол, допты хоккей, регби және жеңіл атлетикада тәртіп бұзған ойыншыға көрсетіледі. Тиісінше, қызыл қағаз алған спортшы бірден алаңнан кетеді немесе спорттық доданы (жарысты) сол бойда аяқтайды. Команда басшылығының қызыл қағаз алған спортшының орнына басқа ойыншы қосуына рұқсат жоқ. Тек гандболда ғана екі минут өткен соң, қызыл қағаз алған спортшыны алмастыруға мүмкіндік бар. Допты хоккейде бір матчта үш рет ескерту алған ойыншыға қызыл қағаз көрсетіледі. Спринтте екі рет фальстарт жасаған желаяқ пен жаяу желуде жарыс ережесін үш мәрте бұзған спортшыны дәл осылай қызыл қағазбен жазалайды.
Қызыл қағаздың тарихы әріде жатыр. 1966 жылы футболдан Тұманды Альбионда өткен әлем чемпионатында Англия және Аргентина құрамалары кездесіп, латынаме­рикалық бір футболшы төрешінің ауызша ескертуіне құлақ аспайды. Өрескел қателік жасап, ойын ережесін бұзғанына қарамастан, 9 минут бойы алаңнан кетпеген ойыншы төрешімен қатар, жанкүйерлердің де ызасын келтірген еді. Осындай қиындықтардан құтылу үшін ағылшын арбитрі Кен Астон қызыл және сары қағаздар туралы өз ұсынысын алға тартты. Тиісінше, төрт жылдан соң, 1970 жылғы әлем чемпионатында алғаш рет қолданысқа енген қызыл және сары қағаздар күні бүгінге дейін күшін жоғалтқан жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста