Қыздарды қалай жіктеуге болады?

Қыздарды қалай жіктеуге болады?

Қыздардың жаратылысы әр түрлі. Оларды мінезі мен сұлулығы, ақылы мен талғамына қарай бөліп жіктеуге болады. Бұл мақала көбіне ер адамдарға арналған. Сонымен қатар нәзік жандылар да оқып, өздеріне сырт көзбен баға берулеріне болады. Бұл жерде жігіттер эстетикалық талғамын жоғарылатып, жаныңызға қандай қыздар жақын екенін жылдам біле аласыз.

Қатерлі қыздар (роковая)

Бұл қыздар қауымы өздеріне тым жоғары беріп, алдарына айқын мақсат қоя білетін жандар. Бұл қабілеттері ер адамдарға ұнап жатады. Алайда өздеріне деген сенімділіктің арқасында сүйіктілері екінші орынға түсіп қалады. Олармен дауласып қалсаңыз жеңу мүмкін емес, жеңген күннің өзінде соңына дейін өзіңізге сенімді болмайсыз.

Блондин қыздар

Бұлар хор қызындай өте сұлу. Өздерін қатты жақсы көреді, сонымен қатар өздеріне тым көп көңіл бөледі. Бірақ көркіне ақылы сай деген сөз оларға арналмаған. Олар үшін үйреншікті «мен қалаймын» сөзі. Жоғарыда айтылған қасиеттерімен жігіттерге көңіл көтеруге қатты ұнайды. Блондин қыздар ер азаматтардың қалта шығындарының қайнар көзі болып табылады.

Көк бет қыздар (стерва)

Көкірегін керіп, сүйіктілерімен жанжалдасқанды жақсы көретін қыздарды көп жерлерден байқауға болады. Олар үшін махаббат ұғымының мәні аса маңызды емес. Жанында дәл осындай мінездерін көтере білетін ер адамдар болса болғаны. Олармен мүлде іш пыспайды, уақытты қызықты да көңілді өткізе біледі. Ешқашан біреуге жемтік болмайды және өзінікінен де айрылмайды.

Оқымысты қыздар

Барлық жерде бәрін біледі, білгенін біреуге айтып жүргенді қатты жақсы көреді. Кейде өзі біле бермейтін салада да білгішсінгенді ұнатады. Көп қыдырмайды, түнгі клуб немесе бар деген жерлерге мүлдем бармайды. Өзі секілді қыздармен ғана бас қосады. Құрбылары өте көп, олар кім десеңіз, әрине олар - кітаптар.

Дос қыздар (дружбан)

Олар қыздар қауымымен араласпай ұлдардың жанында көбірек жүреді. Бір сөйлеммен футболдың барлық ережелерін түсіндіре білетін ерекше жандар. Дәмді тағам істеу мүлдем қолынан келмейді. Есесіне сізбен бірге отырып, сыраны бөлісіп ішіп, керемет әңгіме дүкен құра біледі.

Мінсіз әйел (идеальная жена)

Жастайынан үй шаруасына икемделіп, үйдегі жылылықты сезініп өскен қыздарды жатқызуға болады. Кез келген тағам түрлерін дайындап, көп балалы отбасы болуды армандайды. Бірақ, ер адамдар осыны бағалай қоймайды, белгісіз себептермен блондин немесе долы қыздарға (стерва) жасырын барғанды жақсы көреді.

Өз ерекшеліктерімен

Өз қиялында, ертегілер әлемінде ұшып жүрген қыздар. Олардың әлемі мүлде бөлек. Өмірді әдемі түрде шебер көре білетін шығармашыл тұлғалар. Ер адамдарға олармен уақыт өткізген бір жағынан қызықты да, бір жағынан олармен көктен жерге түсетін кездер туындағанда қиыншылықтарға тап болып жатады.

Инфантильді қыздар

Олардың ойлары сәби секілді, әлі пісіп-жетіле қоймаған қыздар. Күле білетін, күлдіре білетін қыздар. Жігіттер оларға қамқорлық танытып, өмір сүруді үйреткенді жақсы көреді. Инфантильды қыздармен қызықты кеш өткізуге болады. Бірақ, одан әрі байыпты қарым-қатынасты құру қиындау болады.

Еркек шора қыздар

Дос қыздармен салыстырғанда олар тек қана сыраны бөліп ішпей, төбелеске де кіріп кетеді. Кейде ауыздарынан боқ-ауыз сөздер де шығып жатады. Олар өздерінің спорттық үлгідегі киімдерін ешқашан әдемі көйлектерге ауыстырмайды.

Мінсіз қыздар

Жоғарыда айтылған қасиеттерді өзіне белгілі бір нормада, үйлесімділікте біріктіре білген қыздар. Сол себепті оларды мінсіз қыздар деп айтады. Олар өмірде бір-ақ рет кездеседі. Кездескен кезде уысыңыздан шығарып алмаңыз.

Автор: Жанна ИБРАЕВА
Астана қаласы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста