Жазушылар одағы жыл сайын 8 наурыз қарсаңында талантты қыз-келіншектердің басын қосып, әдеби кеш өткізуші еді. Ондай шара биыл жоспарланған ба екен?
Әсел, Талғар қаласы
Қазақстан Жазушылар одағы жыл сайын дәстүрлі түрде Халықаралық әйелдер күні қарсаңында әдебиет пен өнерде жүрген нәзік жандыларға арнап әдеби-сазды кеш өткізіп келеді. Мұндай шара биыл да жоспарда бар. Осы орайда алдағы 4 наурыз күні сағат 16.00-де Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне арналған дәстүрлі «Қыз-көктем» атты жыр кеші өтеді. Оған қазақтың танымал талантты ақын қыздары мен өнер шеберлері қатысады. Кеш барысында Марфуға Айтхожина, Күләш Ахметова, Зайда Елғондинова, Баян Бекетова бастаған қазақтың аяулы ақын қыздары өз өлеңдерін оқып, әнші, биші қыздар өнерлерін ортаға салмақ. Мерекелік шараны белгілі жас қаламгер Бейбіт Сарыбай жүргізеді. «Осы кешке көрермен ретінде қатысып қана қоймай өз өнерін көрсетіп, өлеңдерін оқығысы келетін талантты жас қыздарға Әдебиетшілер үйінің сахнасынан орын табылады», – дейді кешті ұйымдастырушылар.
«Қыз-көктем» қашан болады?
Последние статьи автора